Елімізде этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет – Марат Әзілханов

15 Қыркүйек 2023, 12:50
846
Бөлісу:
Елімізде этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет – Марат Әзілханов
PHOTO
Фото: автордан

Алматыдағы Достық үйінде Ассамблея мүшелерінің қатысуымен интеракция конференциясы ұйымдастырылды. Кездесу барысында медиация және экономикалық белсенділігі талқыланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Конференцияда ел ішінде ұлтаралық қақтығысты болдырмау үшін этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет екендігі айтылды. 

Елімізде этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет – Марат Әзілханов

 Бұл шара еліміздегі сарапшыларды біріктіріп, сараптамалық пікір алмасу, түйіндеген мәселелерді талқылау болып табылады. Талқылаудың өзегі біздің сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында айтылған ой-пікірлер, II Дүниежүзiлiк құрылтай, Президентіміздің 1 қыркүйек күнгі халыққа Жолдауында айтылған мәселер болды. Ассамблея аясында бізде медиация бөлігі көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Достық үйлерінде медиаторларды біріктіріп, кабинеттер ашып, солардың жұмысын жүйелендірілуде. Былтыр 2022 жылы медиаторлар 10 мыңға жуық адамды қабылдап, оларға көмек көрсетті. Алдағы уақытта елімізде этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов. 

Конференция барысында «Қазіргі кезеңдегі жалпыұлттық бірлік және қоғамдық келісім», «Экономикалық белсенділік – қоғамдық тұрақтылық факторы ретінде», «Медиация қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу құралы ретінде» үш талқылау блогы өткізілді. 

 

Елімізде этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет – Марат Әзілханов

Ассамблея жастарының жұмысы бүгінде қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бүгінде жастар арасында қазақ тілін үйретуге, табиғатты аялауға, әлеуметтік көмек көрсетуге, жастарды жұмыспен орналастыруға арналған түрлі бағдарламалар қолға алынды. Бүгінде «Үйде сөйле» қосымшасы қаладағы әр тұрғын үйде өткізіліп жатыр. Қазақ тіліне қызғушылық танытып, үйреніп жүргендердің саны артты. Ассамблея жастары өзге ұлт өкілдерімен ғана жұмыс істейді деген түсінік бар. Ал негізі бағыты – елдегі жастар саясатының оң имиджін қалыптастыру. Тыңғылықты идеяларды іске асыру бағыты бойынша үлестерін қосып келе жатқанын көруге болады, – дейді ұйғыр жастар ұйымының төрағасы Рустам Кариев.

Елімізде этномедиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет – Марат Әзілханов
Өзгелердің жаңалығы