Елімізде электр энергиясына тапшылық жоқ – министр

18 Қараша 2021, 13:18
901
Бөлісу:
Елімізде электр энергиясына тапшылық жоқ – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев өткен аптада елдің кей аймағында жарық өшу фактісі болғанын айтты.

Өткен аптада жарық өшу фактісі болды. Соңғы 2 аптаның ішінде Екібастұзда орналасқан ГРЭС-1-де екі блокты іске қостық. Олар күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, қосымша 1000 МВт-тыққа жуық электр энергиясы генерациясын іске қостық. Сонымен қатар өткен аптада Жамбыл облысында орналасқан ГРЭС-тегі блокты іске қостық. Қазір 180 МВт тұрақты түрде беріп тұр, - деп түсіндірді Мырзағалиев.

Айтуынша, қазір елімізде электр энергиясы жағдайы тұрақталған.

Кеше Түркістан мен Жамбыл облыстарында дауыл болып, бірнеше линия құлап, тұрғындар жарықсыз қалды. Басқа жерлерде жарық сөнген жоқ, сөнбейді. Дегенмен жел болғаннан кейін кешеден бері осындай фактілер болды. Қазір оқиға орнында 300-ден аса адам жұмыс істеп жатыр. Бүгінде елімізде электр энергиясына байланысты тапшылық жоқ. Ондай фактілер де жоқ. Қазір жағдай тұрақталды, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы