Елімізде экологиялық мәдениет жайында мультфильмдер шығарылды

31 Наурыз 2023, 07:29
821
Бөлісу:
Елімізде экологиялық мәдениет жайында мультфильмдер шығарылды
Фото: Қазақстандық қоғамдық даму институтының баспасөз қызметі

Балаларға арналған экологиялық мәдениет жайында мультфильмдер шығарылды, деп хабарлады BAQ.KZ Қазақстандық қоғамдық даму институтының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мультфильмдердің басты кейіпкері, қарапайым бала  ғаламшарымызға, өсімдіктерге және тірі ағзаларға қамқорлық жасауды үйренеді. Ғаламшардың ластану себептері, өмір сүруге қажетті ресурстардың азаюы, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың қарапайым қағидалары сынды маңызды тақырыптар балаларға қызықты түрде көрсетіледі.

Анимациялық роликтер форматындағы ақпаратты балалар оңай қабылдайды және бұл оларға табиғатты сақтау мен оған қамқорлық танытудың маңызын түсіндіруге көмектеседі, – дейді Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжани.

Өзгелердің жаңалығы