Елімізде дүниеге келген балаларға скринингтің 4 түрі жасалады

31 Мамыр 2023, 13:32
1120
Бөлісу:
Елімізде дүниеге келген балаларға скринингтің 4 түрі жасалады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау вице - министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

95 мыңнан астам баланың неонаталдық скринингімен, 740 мың баланың аудиологиялық скринингімен, 770 мың баланың психофизикалық скринингімен, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына офтальмологиялық скринингпен - 1800 бала қамтылды,-дейді Вячеслав Дудник.

Балалардың денсаулығын сақтау басым бағыттардың бірі. 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) халықаралық ұсынымдарына сәйкес патронаждық бақылаумен қамтылған. Қазіргі уақытта елімізде 6,5 мың мектептегі медициналық пункт жұмыс істесе, 7 мыңнан астам мектеп медбикелері қызмет атқарады.

Сондай-ақ, елімізде әйелдер 10 миллионнан асса, бала туу жасындағы әйелдер 4 миллион және 18 жасқа дейінгі 3 миллионнан астам қыздар тұрады.

Республикада 240 босандыру ұйымы, 2 деңгейдегі 58 перзентхана, 3 деңгейдегі 37 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Босану төсектерінің жалпы саны 9 мыңға жуық, оның 65%-ы қалалық деңгейде. Амбулаториялық деңгейде МСАК медициналық ұйымының құрамында 810 әйел консультациясы көмек көрсетеді. Жүкті әйелдердің 99%-ы медицина қызметкерлерінің бақылауында болды,-дейді Вячеслав Дудник.

Өзгелердің жаңалығы