Елімізде дәрігерлер мәртебесі қашан қалыптасады?

10 Қазан 2023, 12:00
1325
Бөлісу:
Елімізде дәрігерлер мәртебесі қашан қалыптасады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны дәрігерлер қауымының мәртебесі тақырыбына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Адам жанының арашашысы – дәрігерлерді құрметтеп, әспеттеу олардың әрі қарай жұмыс істеуі үшін де, қоғам үшін де маңызды. 
Әсіресе пандемия кезінде дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбегі қандай екенін түсінгендей болдық. Мемлекет басшысы да ақ халатты абзал жандардың жанқиярлығы мен мұғалімдердің кәсібилігіне ерекше алғыс білдірді. Олардың беделі мен құқығын қорғайтын заң аясын да кеңейтті. 

Ал қазір сол мәртебелі мамандық иелері ұмыт қалған жоқ па? 

Мемлекет тарапынан қандай қолдау болып жатыр? Ардақты мамандық иелері неліктен өз көлеңкесінен өзі қорқатын жағдайға жетті? Дәрігерлер неге анестезиолог, хирург, акушер, гинеколог мамандығын тастап кетуде? Тиісті қолдау көрсетіліп жатса, соңғы 4 жылда 5 мың дәрігердің шетел асуына не себеп? 

Осы және басқа да сұрақтардың жауабын репортаждан біле аласыздар.

Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» репортажы еліміздегі инклюзивті қоғамның қалыптасуына арналған болатын.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы