Елімізде «Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясы басталды

11 Маусым 2022, 16:57
1693
Бөлісу:
Елімізде «Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ат туризмін қолдаушы шабандоздар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне саяхатқа шықты. Жеті күндік экспедицияның мақсаты – Бозоқ қалашығы мен Ботай мәдениеті сынды жалпыұлттық маңызы бар археологиялық керткішін танымал ету, сондай-ақ Қазақстан аумағында экологиялық туризмді ілгерілету.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде «Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясы басталды

«Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясының басталуына арналған іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ғалымдар, At-trаvel клубының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.

Елімізде «Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясы басталды

Осы далада адамзат алғаш рет атты қолға үйретті. Ботай мәдениеті – сол ұлы өркениеттің бастауы. Бозоқ қалашығы – еңселі елордамыздың алтын тамыры. Бұл жерде ұлттық парк құру арқылы біз көне тарихымызды жас ұрпаққа насихаттаймыз. Мәдениет және спорт министрлігі ашық аспан астындағы ұлттық музей құрылысын кезең-кезеңмен жүзеге асыруды көздейді. Алдағы уақытта да «Бозоқ» музей-қорығының жұмысы жандана береді. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының арасын атпен жүріп өтетін экспедицияның мәні ерекше. Осындай іс-шаралар арқылы атқа мінуді насихаттаймыз, тарихымызбен танысамыз, эко-туризмді дамытамыз. Экспедицияны ұйымдастыруға үлес қосқан баршаңызға алғыс айтамын, – деді Дәурен Абаев. 

Елімізде «Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясы басталды

Біздің анықтама:

Бозоқ – Қазақстанның қазіргі астанасы аумағында орналасқан, 1250 жылдық тарихы бар көне қалашық. Кезінде Бозоқ арқылы Ұлы Жібек жолының сауда тармақтары өткен. 

Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің бірегей қонысы. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақыты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Онда жүргізілген зерттеулердің тарихи маңызы- жылқыларды қолға үйретудің жер жүзіндегі бірден бір орталығы Қазақстан екенін дәлелдейді.

Өзгелердің жаңалығы