Елімізде «Болашақпен» оқып келген қанша түлек жұмыссыз жүр?

10 Ақпан 2023, 14:41
845
Бөлісу:
Елімізде «Болашақпен» оқып келген қанша түлек жұмыссыз жүр?
Фото: автордан

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин елімізде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген қанша түлек жұмыссыз жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Цифрлық даму министрлігімен меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс бастаймыз. Осылайша «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне жұмысқа орналасуға қосымша мүмкіндіктер жасалады. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазіргі уақытта инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға баса назар аударып отырмыз, - деді Жанғозин.

Оның сөзінше, ІТ саласының еліміз үшін маңызы жоғары. Әруар Жанғозин орталық пен министрліктің қол қойған құжаты арқасында түлектерге түрлі компаниялар бос жұмыс орындарын ұсына алады.

Қазіргі уақытта 280-нен астам түрлі компаниямен, серіктеспен осындай меморандумдар бар. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні түлектердің 99%-дан астамы жұмыспен қамтылған. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба береді, - деп айтты орталықтың төрағасы жәрмеңкеде.

Жанғозиннің сөзінше, дәл қазіргі күні елімізде мониторингте тұрған 3 000-нан аса «Болашақ» түлегінің 20-ғк жуығы ғана жұмыссыз. Оның айтуынша қарағанда, бұл жұмыссыз түлектер оқуын жақында ғана аяқтағандықтан олар қазір жұмысқа тұру сатысында жүр.

Бүгін Astana Hub көрме алаңында «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде оқып келген түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оны Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Болашақ» стипендиясының әкімшісі - Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы