Жұмыс орындар жәрмеңкесі. «Болашақтықтарға» сұраныс бар ма?

10 Ақпан 2023, 14:20
841
Бөлісу:
Жұмыс орындар жәрмеңкесі. «Болашақтықтарға» сұраныс бар ма?
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін елорлада Astana Hub көрме алаңында «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде оқып келген түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жәрмеңке әлемнің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқып келген IT-мамандарға, инженерлер мен техникалық қызметкерлерге арналған.

Іс-шараны Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Болашақ» стипендиясының әкімшісі - Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырды.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов «Болашақ» бағдарламасының түлектері жаңаша ойлап, тың түйін табатын мамандар екенін атап өтті. 

Жұмыс орындар жәрмеңкесі. «Болашақтықтарға» сұраныс бар ма?

12 мыңнан астам қазақстандық әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарында оқып келді. Стипендиаттар алған білімдерін қолданып, білім, медицина, экономика, инновация, технология және т.б. сынды салалардың дамуына үлес қосып келеді.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» стипендиясын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі. Биылдан бастап техникалық қызметкерлер «Болашақ» бағдарламасының конкурсына жеңілдетілген шарттармен қатысады. Олардың бір жылдық тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі бар, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Жұмыс орындар жәрмеңкесі. «Болашақтықтарға» сұраныс бар ма?

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне IT, телекоммуникациялар, аэроғарыш және электронды өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысты. Олардың арасында Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және т.б. бар.

IT, телекоммуникация индустриясындағы кадрларға деген сұраныс жыл сайын артып келеді.  Мұндай IT мамандары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкелері «Болашақ» түлектері үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Халықаралық бағдарламалар орталығы түлектерге жұмысқа орналасуға тұрақты түрде жәрдемдеседі. Бүгінде біз 280-нен астам жұмыс берушілермен ынтымақтастық жасаймыз. Нәтижесінде мониторингтегі түлектердің 99%-ға жуығы жұмысқа орналастырылған. Жыл соңына дейін түлектеріміз үшін тағы бір жәрмеңкені өткізу жоспарда бар, - деді Әнуар Жанғозин.

Жұмыс орындар жәрмеңкесі. «Болашақтықтарға» сұраныс бар ма?

Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс іздеушілер мансаптық өсу, әлеуметтік кепілдіктер, ұсынылатын бос жұмыс орындарының еңбек ақысы туралы ақпарат алады.

Өзгелердің жаңалығы