Елімізде базарлар саны біршама азайды

25 Сәуір 2023, 21:15
761
Бөлісу:
Елімізде базарлар саны біршама азайды
Фото: aikyn.kz

Қазақстанда базарлар саны азайып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16 бірлікке аз.

Оның ішінде 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227 – ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115 бірлік, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе (57) облыстарында орналасқан. Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар). 335 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген, – делінген хабарламада.

Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,7 млн шаршы метрді құрайды.

Өзгелердің жаңалығы