Елімізде автомобиль мен компьютер жасау шамамен 30 пайызға өскен

14 Ақпан 2023, 10:55
788
Бөлісу:
Елімізде автомобиль мен компьютер жасау шамамен 30 пайызға өскен
Фото: inbusiness

Елімізде автомобиль жасау 27,5%-ға, ал компьютер жасау 29,6%-ға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тауарлар импорты 50 млрд долларға тең. Жалпы оң сауда балансы 34,4 млрд долларды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталып отыр. Өндіріс көлемі 1,6%-ға өсті. Оң өсім 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсім Қызылорда, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады, - деп айтты ол.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бөлінісінде машина жасау өндірісінің 12,1%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 27,5%-ға, компьютерлер мен жабдықтар жасау – 29,6%-ға өсті.

Сондай-ақ азық-түлік өндірісі – 9,8%, мұнай өңдеу өнімдері – 11,1%, химия өнеркәсібі – 10,6%, сусындар өндірісі – 33,2%, фармацевтика өндірісі – 51%, жеңіл өнеркәсібі – 11,3%-ға өскені байқалады.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1,2%-ға ұлғайып, соңғы 4 айдан бері алғаш рет оң өсуді көрсетті. Бұл ретте көмір өндіруді қоспағанда, өндіріс барлық көрсеткіштер бойынша өсім тіркелді. Атап айтқанда, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 7,6%-ға, металл кендерін өндіру – 3,7%-ға, мұнай өндіру – 1%-ға, газ өндіру – 0,1%-ға, тау-кен өнеркәсібіндегі қызмет көрсету – 0,2%-ға ұлғайды. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ға ұлғайды, - деп мағлұмат айтты Жақсылықов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, көрсеткіштің оң өсуі 15 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, АлматыҰлытау және Ақтөбе облыстарында байқалды.

Өзгелердің жаңалығы