Елімізде асыл және түсті металдар өндірісі өсті

27 Наурыз 2023, 21:45
1448
Бөлісу:
Елімізде асыл және түсті металдар өндірісі өсті
Фото: vostokphotos.ru

Металлургия саласындағы өндіріс көлемі былтырғы 12 айда 9 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артық, деп хабарлады BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде 5,8 млрд тг асыл және түсті металдарға тиесілі,  бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық. Қара металлургияда металл құюды қоспағанда, өндіріс көлемі 3,1 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға аз, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, былтыр елімізде металлургия саласында 91 кәсіпорын жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы