Елімізде әр 10-шы адам бүйрек ауруына шалдыққан

11 Сәуір 2024, 11:44
814
Бөлісу:
Елімізде әр 10-шы адам бүйрек ауруына шалдыққан
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматыда созылмалы бүйрек ауруына арналған баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігерлерлердің пікірінше, пациенттер ауруды кеш біліп, дәрігерге жүгінеді. Егер ауруды ертерек анықтағанда бүйрек ауруларын уақытылы емдеуге болар еді.

9 мыңға жуық қазақстандық гемодиализ процедурасын алады. Мұндай науқастардың саны жыл сайын артып келеді. Бұл ретте Қазақстанда бейінді мамандардың тапшылығы туралы айтқан жөн. Халық арасында кеселдің таралуы жоғары болып тұрғанымен, елімізде бар-жоғы 400-ге жуық нефролог бар. Созылмалы бүйрек ауруы 5 кезеңнен тұрады. СБА-ның еш белгілерсіз өтуіне байланысты пациенттер аурудың кеш кезеңдерінде дәрігерге жүгінеді. Егер біз пациенттерде СБА-ның диагнозын ерте сатыда, ең болмағанда үшінші немесе төртінші А сатысында анықтайтын болсақ, гемодиализді уақтылы терапияның көмегімен кейінге шегеруге болады, - дейді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нефрология кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы бойынша нефрологиялық көмек координаторы Абай Шепетов.

СБА дамуының қауіп факторлары болып табылатын аурулар бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары – артериялық гипертензия, жүрек-қантамырлары аурулары, отбасылық анамнездегі СБА және қант диабеті.

Егер пациентте қант диабеті, артериялық гипертензия, туыстарында СБА болса, креатининге қан анализін тапсырып, шумақтық сүзілу жылдамдығын өлшеу қажет. Бұл – сізде СБА-ның бар-жоғын білудің негізгі жолы. Мұндай талдауды терапевт тағайындайды. Созылмалы бүйрек ауруы бар адамдар денсаулығының нашарлауын және аурудың белгілерін байқамауы мүмкін. Сондықтан жылына бір рет қан анализін тапсыруды ұсынамыз. Егер адам тәуекел тобында болса, онда мұндай талдауды кем дегенде жарты жылда бір рет жасау қажет, - дейді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының доценті Дина Амангелдіқызы.

Өзгелердің жаңалығы