Соңғы жылы Қазақстанның солтүстігінен 170 мың адам көшіп кетті

11 Сәуір 2024, 11:32
1070
Бөлісу:
Соңғы жылы Қазақстанның солтүстігінен 170 мың адам көшіп кетті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы көші-қон және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланған Сенат отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік аймақтарда халықтың азаюы байқалады. Соңғы жылды айтсақ, солтүстіктегі сегіз аймақтан шетелге 170 мың адам көшіп кетті. Мұның бірнеше себебі бар. Бұл этномәдени себептер, осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мәселелер, - деді ол.

Ақмәди Сарбасов оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға арналған бағдарламалар жөнінде айтты.

Бір бағдарлама бойынша осы жылдар оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге 59 мың адам көшіп келді. Оған қоса, жастарға арналған жоспарлар бар. Ол – жаңа "Серпін". Қазіргі кезде де "Дипломмен ауылға", "Ауыл аманаты" бар. Ана мен бала деген жоспарлар қабылданды. Қазіргі кезде қоныс аударушыларға жиырмадан аса мемлекеттік қызмет шаралар көрсетіледі, - деді ол.

Вице-министр осы іс-шаралардың арқасында қоныс аударған халықтың 40 пайызы толықтырылғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы