Елімізде ақылы жолдармен жүру тәртібі өзгереді

28 Сәуір 2023, 18:20
1078
Бөлісу:
Елімізде ақылы жолдармен жүру тәртібі өзгереді
Фото: kazbusiness.kz

Қазақстанда жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдары бойынша жол жүру ақысын алудың жаңа ережелері бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер 15 мамырдан бастап күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, ақылы учаскелерде ақылы қозғалысты ұйымдастыру ақы алу жүйесі құрылғысының көмегімен жүзеге асырылады. Ақылы учаске бойынша жол жүру пайдаланушы мен ұйымдастырушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылатыны айтылған. Бұдан бөлек ақылы учаскені пайдалану шарты жария деп көрсетілген. Жария шарт жасасу сәті болып ақылы учаскеге кіру сәті жатады.

Ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысын алу тәртібіне сәйкес, пайдаланушы жол ақысын мынадай тәсілдермен төлейді:

төлем жүйелерінің көмегімен алдын ала төлеу бойынша;

кейінгі төлем;

ақы алу пунктінде ақы төлеу.

Ақы алу пункті болған кезде ұйымдастырушы ақы алу пунктінде кептелістің пайда болуын болдырмау үшін барлық жол жүру есептеулерін сақтай отырып, ақы алу пункті арқылы жылдам өту үшін шлагбаумдарды ашу жолымен өткізу жылдамдық режимін қамтамасыз етеді. Автокөлік құралдарынан ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы ақы алу пунктінде алынады және жеке шотта немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотында ақшалай қаражат болған кезде бақылау аркаларында есептен шығарылады, - делінген құжатта.

"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

қызметтік міндеттерін орындаған кезде: жедел медициналық жәрдем ұйымдарының; авариялық-құтқару қызметтерінің; құқық қорғау органдарының; көліктік бақылау органдарының; арнаулы мемлекеттік органдардың; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын Ұлттық оператордың арнаулы автокөлік құралдары;

қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.

Өзгелердің жаңалығы