Елімізде алғашқы көпұлтты ән мен би ансамлі құрылды

29 Қаңтар 2024, 11:46
612
Бөлісу:
Елімізде алғашқы көпұлтты ән мен би ансамлі құрылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" жанынан еліміздегі алғашқы көпұлтты ән мен би ансамлі құрылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан - әр түрлі ұлт пен ұлыстардың ортақ мекеніне айналып, өздерінің бай ұлттық мұраларын: салт-дәстүрі, тілі мен ділі, дінін сақтап, ғасырлар бойғы мәдениетін дамытуға мүмкіндік берген көпұлтты және тату елге айналды. Оның ішінде ансамбль мәдениеті туралы айтпай кету мүмкін емес. Дарынымен, талантымен тамсантып, өз ісіне адал берілген әртістердің арқасында біздің бай мәдениетіміз бен тарихымыз бірін-бірі толықтырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Мәселен халықаралық аренада да жалғасын тапқан мәдени сабақтастық тамырын тереңге жайып, еліміздің атын әлемге танытуда, - деді Аида Балаева.

Сонымен қатар министр тың жоба қолға алынғанын атап өтті. Қазақстанда алғашқы көпұлтты ән мен би ансамлі құрылды.

Айталық бүгінде "Тұран", "Құлан саз" фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, "Салтанат" Мемлекеттік би ансамблі, "Наз" би театры, "Шалқыма" халық би ансамблі, "Қазына"би ансамбльдерінің аты елімізде ғана емес, әлемге танымал. Қуантарлығы сол, қазір осындай 25-тен астам шығармашылық ұжым бар. Бұл жолы да сіздермен керемет жаңалықтарымды бөлісуге асығып отырмын. Біз жаңа жобаны іске асырдық: Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" жанынан еліміздегі алғашқы бірлік ансамблі құрылды. Қазақстан мен ТМД тарихында алғаш рет тарихы ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақ халқының тарихымен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен тығыз байланысты 130 ұлттың музыкалық мұрасы мен өнері 1 наурызда Алғыс айту күні сахнада бір ұжымның репертуарында ұсынылатын болады. Бұл - теңдесі жоқ бірегей репертуары бар көпұлтты ән мен би ансамблі! Бір сөзбен айтқанда, татулық пен бірліктің символына айналған Бірлік ансамблі Қазақстан халқы бірлігінің басты рәміздерінің біріне айналатынына сенімдімін, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы