Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтіп жатыр

3 Наурыз 2024, 08:38
421
Бөлісу:
Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтіп жатыр
Фото: скрин

Елімізде алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өткізіліп жатыр. Әлемнің 19 елінен келген 150 спортшы Париждегі Паралимпиада ойындарына берілетін жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Астана Пара Оупен 2024» жарысы, сондай-ақ спортшыларға ұпай жинап, халықаралық рейтингте орын алуға мүмкіндік береді. «Астана Пара Оупен 2024» турнирінің ашылуына Халықаралық пара үстел теннисі федерациясының басшысы Пабло Перестің өзі қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айтулы бәсекеде Қазақстан намысын 50 пара атлет қорғайды. Бұл жарыс Олимпиада ойындарына жолдама береді, лицензия береді. Тактикалық, техникалық жағынан схема құрып дайындалып келдік. Турнир қатысушыларының арасында параолимпиада жеңімпаздары, Еуропа және Азия чемпиондары бар.

Төрт спортшымыздың Париж параолимпиадасына рейтингтік ұпайлары жетіп тұр қазіргі таңда. Оларда мүмкіндік бар осы жарыстың арқасында көш бастап, жеңіс тұғырына шығады деген үміттеміз, - деді ҚР Ұлттық пара үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Медет Байкен.

Байрақты бәсеке Астанадағы үстел теннисі орталығында өтіп, үш күнге жалғаспақ.

Өзгелердің жаңалығы