Елімізде алдағы 3 тәулікте қатты жауын-шашын жауады

23 Наурыз 2022, 17:07
1586
Бөлісу:
Елімізде алдағы 3 тәулікте қатты жауын-шашын жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде алдағы 3 тәулікте қатты жауын-шашын түсуі орын алады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. 

Жаңа жердің аудандарынан республиканың солтүстік өңірлеріне циклон ығысады, онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Ал Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны әсерін сақтайды, онымен ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

 25-26 наурызда Қазақстанның оңтүстік жартысындағы ауа райын, Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты жауын-шашын өтетін атмосфералық фронтальді бөлімдер анықтайды, республиканың оңтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар)  жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын болады. 

Республиканың солтүстік жартысында түнгі ауа температурасы 2...15 градус, оңтүстік жартысында ауа температурасы 3...11 аяздан 0...8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз республиканың солтүстігінде 0...9 градус аязға, елдің оңтүстігінде 7...17 градусқа жетеді.

Өзгелердің жаңалығы