Цифрлы деректер орталықтарын құруға 500 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде - Тоқаев

5 Ақпан 2021, 10:36
3805
Бөлісу:
Цифрлы деректер орталықтарын құруға 500 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде - Тоқаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде аладағы бес жылда цифрлы деректер орталықтарын құруға 500 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде. 

Оған Еуразиялық Одақ бойынша өз серіктестерімізді және өңірдегі серіктестерімізді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырамыз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумда бейне үндеу жасау кезінде айтты. 

Президен пандемия өзінің негативті көрсеткішіне қарамастан халық денсаулығына, ел экономикасына кері әсер еткеніне қарамастан ол барлық технологиялық салада прогрестің аса қуатты катализаторына айналғанын жеткізді. 

Дамудың жақсы қарқыны телемедицинада байқалды. Бұлтты технологялар жаңа деңгейге шықты. Сондай-ақ сервистер, электрондық үкімет сервистері және қашықтан оқыту платформалары кең сұранысқа ие. Мәселен, Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды форматта көрсетіледі. Дағдарыс кезеңінде шамамен 6,5 млн адам цифрлық желілер арқылы мемлекеттің қолдауын алды. Мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтан онлайн форматына өтті. Қазақстанда 15 млн-нан астам адам сымсыз интернетті пайдалануда. Біз қазіргі кезде болашақ технологиялар мен инновациялардың арқасында жарқын  болатынын түсінеміз. Бұл бағыттаға бәсекелес пен динамика өте жоғары. Сарапшылардың бағалауынша 2025 жылы техника, технологиялық және бағдарламалық шешімдер нарығы тек жасанды интеллекті, сымсыз желілерді, шағын есептеу жүйелерін дамытуға бағытталып 65 пайызға өседі және шамамен 12 млрд долларды құрайтын болады, - деді Президент. 

Сондай-ақ ол 2025 жылға қарай 5G технологиялары кәсіпорындарда бұлтты өңдеу өз деректерін 70 пайызға дейін өңдеуге мүмкіндік беретінін айтты. 

Мұндай жағдайда бізге тәсілдерді үйлестіру және осы саладағы қызметті жалпы үлестіру қажет болады. Қазақстан жасанды интеллект технологиялардың дамуын және ауқымды деректерді талдауды негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Басты назар ақылды экожүйені құруға, шешімдер қабылдаудың ақылды жүйесін құруға бағытталған. Бұл тәуекелдердің алдын алудың әсерлі моделін құруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Назарбаев университеті базасында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жасанды интеллектінің ұлттық кластері құрылады. Сондай-ақ өсіп жатқан мәліметтердің көлемін тиімді өңдеу үшін деректерді өңдеу орталықтары құрылуда. Бес жыл ішінде біз осы бағытқа шамамен 500 млрд теңгені немесе 1 млрд-тан астам доллар инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Әрине біз Одақ бойынша өз серіктестерімізді және өңірдегі серіктестерімізді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырамыз, - деді Тоқаев. 

Оған қоса ол биылдан бастап салық саласына блокчейн технологияларын енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Қазақстанның салық органдары қазір тиімді іс-қимылды бастап,  ресейлік әріптестерімен цифрландырудың барлық мәселелері бойынша қолға алған.

Өзгелердің жаңалығы