Елімізде «әкімшілік іс жүргізу» ұғымы енгізіледі

25 Қаңтар 2021, 17:16
1865
Бөлісу:
Елімізде «әкімшілік іс жүргізу» ұғымы енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Заң жеке адамның, заңды тұлғаның мемлекеттік органға немесе лауазымды адамдарға, мемлекет тарапынан арнайы құзырет берілген ұйымдарға қарсы өзінің құқығын қолдануға зор мүмкіндік жасайды. 1 шілдеге дейін елімізде 21 әкімшілік сот құрылады. Оның 17-сі елдің ірі қалаларында, қалған 4-уі адамдар көп шоғырланған және соттан тысқары жатқан Қаскелең, Семей, Екібастұз сынды қалаларда ашылады. Дайындық жүргізіліп жатыр. Қазір 500-ге жуық судья оқытылып жатыр, - деді ол. 

Сәдуақасов айтып өткендей, жаңа заң күшіне енген соң 2 заңның күші жойылады. 

Біріншісі – әкімшілік рәсімдер туралы заң, екіншісі – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заң. Азаматтар мемлекеттік орган мен лауазымды тұлғалармен дау туындаған кезде, олар әкімшілік сотттарға жүгінеді. Төртінші жаңа сот институты «әкімшілік іс жүргізу» ұғымы бойынша жұмыс істейді, - деді ол. 

Ол атағандай, мемлекеттік билік өз өкілеттігін берген органдар да жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап береді. 

Бұл заңға сәйкес, мемлекеттік орган талапкер рөлін ала алмайды, тек жауапкер рөлін атқарады, - деді ол. 

Айта кетейік, биыл шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы