Елімізде АЭС салынса, тарифтің құны қандай болады? – сарапшы жауабы

27 Тамыз 2024, 14:36
494
Бөлісу:
Елімізде АЭС салынса, тарифтің құны қандай болады? – сарапшы жауабы
Фото: автордан

Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев Қазақстанда салынатын АЭС-тің қандай болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егерде референдумда халық дауыс беріп, елімізде АЭС салынатын болса, бізге екі энергоблок салынады. Олар екі WWER -1400 немесе WWER-1800 қосы блоктан тұрады. Неге екі энергоблок? Өйткені АЭС-тің отынын ауыстырып отыру керек. Олар тез арада жасалмайды, ауыстыру процесіне кемі үш ай кетеді. Сол кезде блоктың біреуі жұмысын тоқтатады. Жалпы, 2035 жылы егер АЭС салынып бітсе, ондағы 2,4 ГВт немесе 2,8 ГВт энергия еліміздің ішкі қажеттілігінің тек 9 пайызын өтейді. Бірақ электр энергия 24 сағат тоқтаусыз беріледі. Жалпы, Қазақстан экономикасының өндірісін арттыру үшін көптеген зауыт пен фабрикалар қажет. Оларға энергия күндіз-түні қажет, - деді ол.

Ядролық физика институтының директоры АЭС 7 жыл жуық уақытта салынатынын айтады.

Біздің салатын елге қоятын шарттарымыздың бірі бірінші отынды өздері әкеліп салу керек. Ал, одан кейін отындардың бәрі елімізде өндіріледі. АЭС салынған соң оның бағасын өтеу керек. Егер 10 жылда өтеп тастаймыз десек бір баға қойылады. Қарапайым есеп. Сондықтан тариф бағасының төмен болатынына күмәнім жоқ, - деді Саябек Сахиев.

Сахиев «кейбір дамыған елдер неге АЭС-тен бас тартып жатыр?» деген сұраққа жауап берді.

Мәселен, Германияда салынған АЭС өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Фукисимода бой көтерген АЭС-те сол заманнан. Бірақ қазір өздері атом станциясы бар елдерден энергия сатып алып отырған жайы бар. Егер Германия АЭС-ті қайта іске асыратын болса ешкім таңғалмайды. Қазір Германиядан бөлек, басқа елдер АЭС-тен бас тартқан жоқ. Тіпті апат болған Жапонияның өзі бас тартпай отыр, - деді сарапшы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге АЭС салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын айтты. АЭС бойынша референдум өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы Президент қарауына ұсынылды.

Үкіметте елімізде АЭС салынса, 2 мың адам жұмыспен қамтылатыны да айтылды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысы қатаң бақылауда болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы