Елімізде 720 өрт сөндіру бекеті құрылды

22 Мамыр 2024, 11:53
313
Бөлісу:
Елімізде 720 өрт сөндіру бекеті құрылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, әр өңірде ірі өртпен күресу үшін күштер мен құралдар дайындалған.

Жалпы ел бойынша 50 мың адам және 10 мыңнан астам техника дайын. Қазіргі таңда аэровизуалды барлау үшін 120 дрон бар. Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Елімізде 720 өрт сөндіру бекеті құрылды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі және дала аумағындағы өртті жою үшін ерікті өртке қарсы құралымдары тартылады, - деді спикер.

Еске салсақ, елде 33 орман өрті және 148 дала жануы тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4 есе аз. Сондай-ақ жалпы ауданы 353 га болатын 148 дала жануы тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 есеге төмен.

Өзгелердің жаңалығы