Елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген

28 Маусым 2022, 09:52
1402
Бөлісу:
Елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров бүгін өткен Үкімет отырысындағы баяндамасының әлқиссасын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтаудан бастады. 

Ең алдымен, журналист әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекемізбен құттықтаймын! Медиа мен мемлекет өзара тығыз әрі маңызды ұғым екенін жақсы білесіз. Ақпарат құралдарын алға шығарып, жан-жақты дамыту қоғамның өсіп-өркендеуіне жол ашады. Бұны әлемдік процестен көріп отырмыз. Қазақстан да бұл даму динамикасынан қалып қойған жоқ. Отандық медиа-индустрия қарқынды және сапалы даму үстінде. Бүгінгі таңда елімізде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген және жыл сайын олардың санының белсенді артып жатқаны байқалады, - деп атап өтті ведомство  басшысы.

Айтуынша, бүгінгі таңда БАҚ-та қазақ және орыс тілдері жиі қолданылады. 

Олардың жалпы саны 1852,  орыс тіліндегі БАҚ – 853 және қазақ тілінде – 693, үш тілде және одан да көп (оның ішінде, басқа тілдерде) - 1512. Бұқаралық ақпарат құралдарының санымен бірге таралу аумағы да ұлғайып отыр. Яғни өзге тілде шығатын басылымдардың белгілі бір этностар тұратын аймақтарда ғана емес, тұтастай республикаға кеңінен таралып жатқанын да атап өткіміз келеді, - деді министр Омаров. 

Өзгелердің жаңалығы