Елімізде 45 мыңнан аса баспана үйді басқарудың жаңа нысанына көшкен

Елімізде 45 мыңнан аса баспана  үйді басқарудың жаңа нысанына көшкен
572

Елімізде 45 мыңнан аса үй тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшкен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры Марғұлан Әбдікәрімов айтты.

Бүгінгі таңда республика бойынша 46 714 көппәтерлі тұрғын үйдің 45 425-і жаңа нысандарға көшті. Оның ішінде 5 581 мүлік иелері бірлестігі, қалғандары қарапайым серіктестер. Яғни  ол 97,2 пайыз, - деп жауап берді Марғұлан Әбдікәрімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ИИДМ өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілетін түзетулер туралы айтып берді. Заңға жаңа түзетулерді Үкімет 2023 жылдың 15 наурызында қабылдады. Барлығы 9 заңға 164 түзету қарастырылып отыр.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы