Елімізде 401 мектеп салуға қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

21 Сәуір 2023, 13:00
679
Бөлісу:
Елімізде 401 мектеп салуға қанша қаржы бөлінгені белгілі болды
Фото: inbusiness.kz

Мәжілісте «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептер құрылысына қанша қаржы бөлінетінін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде қабылданған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептердің құрылысына жауапты оператор - «Samruk-Kazyna Construction» мекемесі болып бекітілгенін еске сала кетейік.

Samruk-Kazyna Construction басшысы жоба аясында қанша мектеп салынатынын айтып берді.

Ұлттық жоба аясында апатты мектептерді, оқытудың үш ауысымдылығын және оқушы орындарының тапшылығын болдырмау мақсатында 401 жайлы мектеп салынады. Оның ішінде 226 мектеп 2024 жылы іске қосылып, қалған 175 мектеп 2025 жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі, - деді құрылысқа жауапты компания басшысы.

Сөзінше, ұлттық жобаны іске асыруға 2023-2025 жылдар кезеңінде Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге көзделіп отыр.

Соның ішінде құрылыс жұмыстарына 2,3 трлн теңге бөлінген. 2023 ж. – 0,5 трлн теңге, 2024 ж. – 1,1 трлн теңге, 2025 ж. – 1 трлн теңге.

Ал салынған салынған мектептерді күтіп ұстауға 0,2 трлн теңге қарастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы