Елімізде 39 шенеунікке ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды

5 Қараша 2021, 13:31
1625
Бөлісу:
Елімізде 39 шенеунікке ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин хабарлады. 

Оның айтуынша, ақша өндіріп алу – сот процесіне қатысушыларды тәртіпке келтіретін жаңа құрал болып отыр.
Мысалы, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне 97 ақшалай өндіріп алу салынды. Сондай-ақ орталық және олардың аумақтық бөлімшелеріндегі, соның ішінде Құрылыс комитетінің төрағасына, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік табыс департаментінің, Полиция департаментінің, табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшыларына, барлығы 39 шенеунікке ақшалай өндіріп алу қолданылды, – деп атап өтті Қанат Мусин.

Сонымен қатар әкімшілік қызметкерлеріне – 58 ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған. Олардың қатарында 6 қала әкімі, 5 аудан әкімі, 3 аппарат жетекшісі бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін әкімшілік соттардың талаптары күшейгені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы