Жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп атқарылады.
Қазір қажетті реттеуші базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол алдағы уақытта технологияны елдің өзге қалаларына енгізуге мүмкіндік береді, – деді Жаслан Мәдиев.
Пилоттық жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске асырылатыны белгілі. Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.