Елімізде 192 үй су астында қалды – Юрий Ильин

14 Сәуір 2022, 12:17
3710
Бөлісу:
Елімізде 192 үй су астында қалды – Юрий Ильин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндап берді.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері республика бойынша 11 елді мекенде 192 тұрғын үй және 78 саяжай үй, 3 әлеуметтік объект еріген қар суының су астында қалды. Суды бұру жұмыстары толығымен аяқталды, - деп айтты ведомство басшысы.

Сонымен қатар ауқымды су тасқынына қарамастан, ТЖ жою және халықты құлақтандыру уақытылы жүргізілді, адам құрбандарына жол берілмеді. Барлығы 1 595 адам эвакуацияланды, олардың 15-і уақытша эвакуациялау пункттерінде орналасқан, 1 580 үйлеріне оралды.

Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың 20 учаскесінде су тасқыны жалғасуда, 6 учаске және жергілікті маңызы бар 3 көпір шайылып кеткен. 2 мың текше метрден астам еріген су сорылды. Жоюға барлығы 2 285 адам, 778 техника, 350 су айдау құралдары тартылған және 18 жүзу құралдары жұмылдарылды, - дейді Юрий Ильин Сенатта.

Ол атап өткендей, жергілікті ауқымда 5 төтенше жағдай жарияланды.

Қазір Батыс Қазақстан облысындағы жағдай, РФ Орынбор облысы Ташлин ауданы Пустобаево кентіндегі су қоймасындағы бөгеттің денесін шайып кету салдары бақылауда тұр.

Өзгелердің жаңалығы