Елімізде 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді

27 Ақпан 2024, 13:03
330
Бөлісу:
Елімізде 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүниежүзілік Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) күніне орай Қазақстанның Азаматтық Альянсы Мәдениет және ақпарат Министрлігімен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен бірлесіп арнайы іс-шара өткізді.

Данияр Қадыровтың айтуынша, қазіргі уақытта республикада 23 335 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, оның ішінде әрекет ететіні 18 204 ҮЕҰ бар.

2003 жылдан бастап он бір Азаматтық Форум өткізілді. ҮЕҰ ұсынымдары бойынша заңнамалық база жетілдірілуде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауының ҮЕҰ-ға арналған гранттар мен сыйақылар түріндегі жаңа механизмдері қалыптастырылады, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешудегі ҮЕҰ-ның рөлі артады.

Министрлік өз кезегінде уәкілетті орган ретінде «Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын» іске асыру аясында азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін жағдай жасаудың кешенді жұмыстарын жүргізуде. Соңғы заңнамалық новеллалардың бірі былтырғы жылы қабылданған «Қоғамдық бақылау туралы» заң, сондай-ақ онлайн-петициялардың заңды институттарын құру мақсатындағы түзетулер болды,-деді вице-министр.

Қоғамдық бақылау мен онлайн-петициялардың жаңа институттары бөлігіндегі түзетулер «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын іске асырудағы маңызды қадам болмақ.

Қоғамдық бақылау мемлекеттік бақылаудың баламасы бола отырып, ҮЕҰ-ның рөлін едәуір арттырып, азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасауының сапалы жаңа қағидаттарын қалыптастырады. Сол жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңға түзетулер енгізілді, бұдан әрі қоғамдық бірлестік құру үшін үш адамның бастамасы жеткілікті, - деді Данияр Қадыров.

Өзгелердің жаңалығы