Елімізде 122 жол учаскесі жабық - ТЖМ

10 Қаңтар 2023, 09:41
881
Бөлісу:
Елімізде 122 жол учаскесі жабық  - ТЖМ

 Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін таңғы 6.00-дегі жолдардағы өзекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған.

Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған.

Өңірлердің ішінде әзірге Қарағанды облысында ғана жолда автокөлік жиналған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр.

Ағымдағы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады.

Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).

Өзгелердің жаңалығы