Елімізде 100 мыңға жуық мүгедек бала бар

1 Маусым 2022, 10:39
1374
Бөлісу:
Елімізде  100 мыңға жуық мүгедек бала бар
Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, педиатриялық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштеріне сырқаттанушылық, алғашқы мүгедектік, нәрестелер мен балалар өлімінің алдын алу жатады.

0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 2020 жылы 100 мың балаға шаққанда – 96421,7. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 11,8%-ға төмен. Жалпы сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында тыныс алу ағзаларының аурулары, 2-орында ас қорыту ағзаларының аурулары, 3-орында нерв жүйесінің аурулары тұр. 2021 жылы нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 8,6-ға артты. 2019 жылы нәресте өлімінің көрсеткіші 8,37, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Мәлімдеуінше, нәрестелер өлім-жітімі себептерінің жалпы құрылымында перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайдың жетекші себептерінің 2,3%-ға өсуі байқалып отыр. Ал инфекциялық аурулар 2,6%-ға ұлғайған.

2022 жылғы 1 қаңтарға мүгедек балалардың жалпы саны – 98,2 мың, 2020 жылы – 94,6; 2019 жылы - 91,6. Жалпы мүгедектік құрылымында негізінен 29% - нерв жүйесінің аурулары, 26,4% - туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар, 17,5% - психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылыстары құрайды, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы