Елімізде 100 мың шақырымға жуық автомобиль жолы бар - ИИДМ

28 Наурыз 2023, 12:47
991
Бөлісу:
Елімізде 100 мың шақырымға жуық автомобиль жолы бар  - ИИДМ
Фото: Forbes

Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Соның 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар, ал 71 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Республикалық маңызы бар жолдар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағында, - деп атап өтті комитет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ол жолдарды күтіп-ұстауды жүзеге асыратын компанияға тоқталды. 

Мемлекеттік тапсырма аясында дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды Ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы жүзеге асырады. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды, сондай-ақ көше-жол желісі жергілікті атқарушы органдардың қарауында екенін айтып өтуім қажет, - деді Амангелді Беков. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ел аумағындағы 11 мың шақырым жол жөндеуден өтетіні туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы