Еліміз бойынша қаңтар айының алдын ала ауа райы болжамы

1 Қаңтар 2022, 16:19
1409
Бөлісу:
Еліміз бойынша қаңтар айының алдын ала ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 2022 жылдың қаңтар айына алдын ала ауа райы болжамын жариялады.

Қаңтар айының басында еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым аймағының әсері сақталады. Осыған байланысты аязды, аз бұлтты ауа райы болжанады. Алайда еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының тереңдеуімен, жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ болжанады – делінген хабарламада.

Циклон жырасының шығыс бағытқа ығысуына байланысты республиканың қалған аумағында да ауа райының тұрақсыздығы байқалады.

Солтүстік өңірлерде бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр түрінде), көктайғақ және тұман түседі – дейді синоптиктер. 

Ауа температурасы елдің солтүстік жартысында түнде -17-28°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, оңтүстік жартысында күндіз +5+12°С-қа дейін, батысында -3+2°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады.

Бірінші онкүндіктің ортасында ҚР аумағына кезекті суық антициклон әсер ете бастайды. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы байқалады және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады. Ал бірінші онкүндіктің соңында солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде термометр бағандары -17-32°С-қа дейін, оңтүстік жартысында -3-13°С-қа дейін, батысында -8-23°С-қа дейін төмендейді – дейді қазгидромет мамандары.

Сонымен қатар, мұндай ауа-райы ұзаққа созылмайды, өйткені батыстан антициклонның орнына Скандинавия аймақтарынан циклон қайтадан ауысады, онымен тұрақсыз ауа-райы және аяздың әлсіреуі болжанады.

Консультативтік ауа райы болжамына сәйкес 2022 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының бірінші онкүндіктегі сияқты жиі өзгеруі сақталады. Аязды күндер жылы күндермен ауысады, қар жауады, бұрқасын мен екпінді жел болжанады. Оңтүстік жартысында негізінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары мен тұман құбылыстары болады деп күтілуде – дейді мамандар.

Иран аудандарынан республиканың басым бөлігіне жылы ауа массаларының шығарылуымен ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанады, тек елдің солтүстік-батыс бөлігіне циклонның биік жырасының жиі әсер етуімен ауа температурасы климаттық норма шамасында күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, солтүстік жартысында, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың, шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында нормадан көп болады деп күтілуде. Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-батысында нормадан аз.

Циклондық әрекет және антициклонның суық енуінің жиі әсерінен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы болжанады:

Елдің солтүстік жартысы мен батысында түнде -25-35°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С-тан -5+5°С-қа дейін.

Оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -10-28°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз -5-10°С тан +5+15°С-қа дейін болады.

Өзгелердің жаңалығы