Еліміз әскерилері халықаралық әскери конференцияға қатысты

11 Маусым 2022, 11:00
1710
Бөлісу:
Еліміз әскерилері халықаралық әскери конференцияға қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың жалпы басшылығымен ҰҚШҰ әскерлерінің бірлескен байланыс жүйесі мен автоматтандырылған басқару жүйесін құру және оларды дамыту мәселелері жөніндегі конференция өтті.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының, ҰҚШҰ біріккен штабы мен хатшылығының, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының, әскери-білім беру, әскери-ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Еліміз әскерилері халықаралық әскери конференцияға қатысты

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Байланыс департаменті бастығының орынбасары полковник Дәулет Аренов ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағындағы бітімгерлік операциясы туралы баяндама жасады. Ол ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің байланыс күштері мен құралдарының жиынтығына, проблемалық мәселелерге және оларды шешу жолдарына егжей-тегжейлі тоқталды.  

Баяндама барысында айтылған проблемалық мәселелер мен оларды шешу бойынша ұсыныстар ҰҚШҰ ұжымдық күштерін басқаруды қамтамасыз ету кезінде байланыс күштері мен құралдарын қолдануда, тиімділікті дамытуда және арттыруда жаңа тәсілдерді әзірлеу үшін бағыт береді

Өзгелердің жаңалығы