Еліміз Аньхой аймағымен іскерлік байланысты арттырмақ

23 Тамыз 2023, 20:01
639
Бөлісу:
Еліміз Аньхой аймағымен іскерлік байланысты арттырмақ
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Аньхой аймағынан келген делегаттармен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Аньхуэй провинциясының Халық үкіметі сыртқы істер кеңсесі меңгерушісінің орынбасары Ян Сяолинмен кездесті.

Келіссөздердің барысында Қазақстан-Қытай әріптестігін дамыту бағытындағы әлеуетті салалар анықталды.

Еліміз Аньхой аймағымен іскерлік байланысты арттырмақ

Бұл ретте Аньхой аймағы «Бір белдеу – бір жол», «Янцзы өзенінің экономикалық белдеуі» бастамалары мен ҚХР орталық өңірі және Янцзы өзенінің төңірегін дамыту жобаларын жүзеге асыру бағытында маңызды рөл атқаратынын айта кетейік. 

Бұған қоса осы өңірде бірқатар өнеркәсіп түрі, оның ішінде интегралды микросхемалардың, жаңа дисплей құрылғыларының, жасанды интеллект пен озық конструкциялық материалдардың өндірісі дамып келеді.

Еліміз Аньхой аймағымен іскерлік байланысты арттырмақ

 Сондықтан да бұл тың технологиялар саласындағы әріптестікті арттыру үшін қолайлы өңір саналады.

Аталған кездесу ҚР ИИДМ мен Аньхой аймағы арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Тараптар инновациялық бастамаларды бірлесіп іске асыру мен өзара тәжірибе бөлісуге дайын екендерін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы