Еліміз алдағы онжылдықта ауызсу тапшылығы қаупі өте жоғары елдер тобына кіреді

26 Наурыз 2023, 19:25
1155
Бөлісу:
Еліміз алдағы онжылдықта ауызсу тапшылығы қаупі өте жоғары елдер тобына кіреді
Фото: qazaly.kz

Statista деректері көрсеткендей, 2022 жылдың қыркүйегінде сайт талдаған 92 елдің деректеріне сәйкес, 1,5 литрлік су бөтелкесі дүние жүзінде орташа есеппен 0,70 доллар немесе 300-350 теңге тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Tengenomika Telegram-арнасының жазуынша, бөтелкедегі су ең қымбат нарықтар – Аустралия мен Филиппинде бір құтысы 2,02 доллар тұрады. Сингапур, Уругвай, Пуэрто-Рико және Норвегияда да баға тым жоғары. Бұл елдерде 1,5 литр бөтелкедегі судың бағасы 1,59-дан 1,74 долларға дейін барады. Екінші жағынан, ең төменгі бағалар Мысыр пен Тунис сияқты елдерде екен. Олардағы баға 0,14 және 0,20 доллар аралығында. Иран мен Бангладеште де бір бөтелке суды 0,25 доллардан аз бағаға сатып алуға болады.

Айта кетсек, 22 наурызда БҰҰ Дүниежүзілік су күнін атап өтті. Ұйым мәліметінше, қазір 2 миллиард адам таза суға жете алмай отыр.

Болжам бойынша, 2040 жылға қарай 44 ел су стресінің «өте жоғары» немесе «жоғары» деңгейіне тап болады. Қазақстан соның ішінде су стрессінің «өте жоғары» қаупі бар елдер тобына кіреді.

Өзгелердің жаңалығы