Елге қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр

31 Қазан 2024, 11:57
393
Бөлісу:
Елге қайтарылған заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл сұраққа сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Ғалымжан Қойгелдиевтен реестрге енген адамдардан қайтарылып жатқан 177 млрд теңгеге қандай жобалар іске асырылады? Біз неге олардың тізімін көрген жоқпыз? Тізімді көре аламыз ба? деп сауал қойды.

Жақында ғана Үкімет осыған қатысты мәлімет берді. Ол жақтағы ақша мемлекеттің бірінші кезектегі басым міндеттеріне жұмсалады. Әлеуметтік тұрғыдан жұмсалатын қаражат,- деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сенат кулуарында Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбай елге қайта ма деген сұрақ қойылды. Сондай ақ Қазақстанның түзеу мекемелерінде қанша шетел азаматы жазасын өтеп жатқаны туралы да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы