Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты

21 Наурыз 2023, 16:04
642
Бөлісу:
Елена Рыбакина қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: Елена Рыбакинаның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жақында Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, Калифорнияда өтіп жатқан Мастерс санатындағы Индиан-Уэллс турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, қолдау білдірген барша қазақстандыққа алғыс айтты.

Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін! Менің Қазақстандағы қолдаушыларыма, әсіресе жаңа белестер мен жеңістерге ұмытылып жатқан жастар мен жасөспірімдерге  ерекше алғыс айтқым келеді. Барлығы өз қолдарыңызда. Маған сенім білдірген демеушілеріме де көп рахмет. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында кортта қолымнан келгеннің бәрін жасай аламын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы