Елена Рыбакина кезекті жеңісіне қол жеткізді

31 Наурыз 2023, 09:54
448
Бөлісу:
Елена Рыбакина кезекті жеңісіне қол жеткізді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді.

Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.

Екінші сетте Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. 

Рыбакина финалда бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы