Электронды цифрлы қолтаңба өзгереді. Қазақстандықтар нені ескеруі керек

29 Сәуір 2024, 11:40
404
Бөлісу:
Электронды цифрлы қолтаңба өзгереді. Қазақстандықтар нені ескеруі керек
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Ұлттық куәландырушы орталық" 2024 жылға жоспарланған өзгерістерімен бөлісті. Оның ең бастысы - ЭЦҚ кілті баяғыдай екі бөліктен тұрмайды, біріздендіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық атап өткендей, бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 "Қазақстан Республиасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы оралығының және Қазақстан Республиасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер күшіне енуіне сәйкес (2023 жылғы 1 желтоқсанда № 595/НҚ қабылданды), 2024 жылғы 30 сәуірде ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшу іске асырылатындығын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Енді нақты қандай өзгерістер енгізілгенін тарқатайық. Сонымен:

1. ЭЦҚ-ның бір кілтіне көшу, яғни жеке және заңды тұлғаларға ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10 – 2015 (бұдан әрі – МЕМСТ 2015) алгоритмінде ЭЦҚ-ның бір кілті берілетін болады, ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де пайдаланылатын болады.

2. Заңды тұлғалардың пайдалануына арналған ЭЦҚ кілттерінің мынадай талап етілмеген түрлерін қолжетімді тізімнен алып тастау жоспарлануда:

– «Қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер»;

– «Кадр бөлімінің қызметкері».

3. Бүгінгі күні ҚР ҰКО ашық және жабық кілттерін туындату RSA және МЕМСТ 34.310-2004 алгоритмдерінде жүргізіледі. Бұл ретте ақпараттық технологиялар мен криптографиялық талдау әдістері үздіксіз дамуда. Осыған байланысты ҚР ҰКО МЕМСТ 2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартына көшуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

4. Барлық бұрын шығарылған тіркеу куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады.

5. Жаңа МЕМСТ 2015 алгоритмін қолдау жаңартылған NCALayer арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа нұсқа шыққаннан кейін, қолданба автоматты түрде пайдаланушыға NCALayer жаңартуды ұсынады.

6. Сондай-ақ, aKEy, 2017 жылдан бастап шығарылған KAZTOKEN және eToken негізгі ақпарат тасымалдаушылары ҚР СТ МЕМСТ Р 34.10-2015-ті қолдайтынын хабарлаймыз. Қосымша ақпаратты аталған тасымалдаушыларды өндірушілерден сұрау қажет.

Өзгелердің жаңалығы