Электронды білезік сотталғандардың жазасын күшейтуге мүмкіндік берді

12 Қыркүйек 2022, 11:43
1698
Бөлісу:
Электронды білезік сотталғандардың жазасын күшейтуге мүмкіндік берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Пробация қызметі басқармасы басшысының орынбасары  Берік Бакулин министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі күні пробация қызметінде бас бостандығынан айырылмаған, бірақ сотталған 28 мыңнан астам сотталушы бар.Оның ішінде 300-ден астам (326) адам кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы баптар бойынша сотталған. Тіркелген тұлғаларды бақылау мақсатында электронды бақылау құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылданды. Электронды білезіктер бас бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталғандарға, жазасын өтеу тәртібін бұзушыларға қатысты қолданылады. Сонымен бірге ең алдымен кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасаған адамдарға қатысты жазаны өтеу мерзімінің бүкіл мерзімінде тағады, - деді 

Бакулин атағандай, қазіргі уақытта электронды бақылау немесе электронды білезік 2500-ден астам адамға тағылды, бұл сотталғандардың жалпы санының 9%-ы.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, сотталғандарды қашықтан бақылау жүйесі өз нәтижесін беріп жатыр. Электронды білезікті пайдалану есеп беретін адамға бас бостандығынан айыру орындарына түспеу мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте аумақтық пробация қызметтерінің білезіктерді 7 ай бойы пайдаланғаны, шамамен 90 заңбұзушы анықталып, оған қатысты жаза түрін бас бостандығынан айырумен ауыстыру үшін сот органдарына 30 материал жолданды, оның ішінде 6 сотталған бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы