Электромобильдер Қазақстанда энергия тапшылығын тудырмай ма?

17 Қаңтар 2024, 11:57
383
Бөлісу:
Электромобильдер Қазақстанда энергия тапшылығын тудырмай ма?
Фото: Мақсат Рысбеков - архив

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар азаматтарымыз электомобильдермен жүруге көшсе, елімізде энергетикалық дағдарыс тудырып, энергия тапшылығы болмай ма деген мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов депутаттар көтерген мәселеге жауап берді.

Оның сөзінше, Үкіметте электрэнергетиканы дамыту бағдарламасы қабылданды.

Электромобильдерді пайдалану жылы аймақтарда дамиды деген болжам бар. Сол себепті оңтүстік өңірлерде электрэнергияны өндіретін газбен және жаңартылған энергия көздерімен шығаратын электрэнергия мекемелері салынады. Сондықтан тапшылық мәселесі алдағы 3-4 жылда толық шешеміз деп айта аламыз, - деді ол.

Есімхановтың айтқан мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 8 600-ге жуық электромобиль бар.

Көліктер былтыр орташа есеппен сағатына 20 млн кВт тұтынған. Себебі олар энергияны үнемдейтін электромобильдер. Біз 112 млрд электрэнергиясын өндіріп, бірақ тұтыну 10 есе өскен күннің өзінде сағатына 200-300 млн кВт жеткілікті болады, - деп түсіндірді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы