Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі іске қосылады

30 Мамыр 2023, 12:42
915
Бөлісу:
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі іске қосылады
Фото: ОКҚ

1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

Вице-министрдің айтуынша, электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін енгізу елдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дереу реттеуді талап ететін және электр энергетикасы саласын реформалау көзделген бірқатар мәселені шешуге бағытталған.

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы саладағы қалыптасқан жағдайды, атап айтқанда, жүйедегі жоспарлы теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының болжамды тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты бәсекелестіктің тең емес жағдайларын және генерациялаудың жаңа көздерін, оның ішінде ЖЭК салу жөніндегі жоспарларды ескере отырып енгізіледі, - деді Жандос Нұрмағанбетов брифингте.

Бірыңғай сатып алушының ұсынылған моделі – электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сатуға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр:
- электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмау;
- өнімсіз делдалдарды қысқарту;
- электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері негізінде тәуліктік графиктерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты графиктеріне кету есебінен шектес энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайту;
- жаңадан іске қосылатын генерациялау көздерінің жоғары тарифтерін және тапшылық кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын, жұмыс істеп тұрған станциялардың ағымдағы тарифтерін теңестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ болашақта өңірлер арасында электр энергиясының тарифтерін теңестіруді жүзеге асыру.

Бірыңғай сатып алушының моделін енгізу 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Энергетика вице-министрі.

Өзгелердің жаңалығы