ШҚО-да соғыс ардагерлерінің электр энергиясы шығындары өтеледі

5 Мамыр 2020, 16:39
1562
Бөлісу:
ШҚО-да соғыс ардагерлерінің электр энергиясы шығындары өтеледі
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығысқазақстандық энергия таратушы компаниялар өңірде тұрып жатқан 160 ҰОС ардагерінің үш айдағы электр шығындарын өз есептерінен төлеп бермек.

"Ардагерлер ұйымы" республикалық ұйымы мен "Шығысэнерготрейд" ЖШС-ның жыл сайын ұйымдастыратын акциясы биыл да жалғасын тапты. Атап айтсақ, үстіміздегі жылы игі шараға бір адамдай атсалысқан "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС ардагерлерге мұндай төлемақыны сәуір, мамыр, маусым айлары үшін жүргізсе, "ШҚ АЭК" АҚ-сы мен "Шығысэнерготрейд" ЖШС эстафетаны қабылдап, шілде, тамыз, қыркүйек айларында қариялардың электр энергияға деген төлемақыларын өз есептерінен жауып бермек.

Соғыс ардагерлерінің үш айдағы орташа тұтынуына қажетті деп тапқан сома 1,2 миллион теңгені құрайды. Осылайша биылғы жылдың үшінші тоқсаны көлемінде облыста тұрып жатқан әрі біздің компанияның тұтынушысы болып табылатын әр соғыс ардагерінің шотына 7500 теңгеден аударамыз. Бабалардың ерлігін есте сақтап, оларға қамқорлық жасау басты міндетіміз деп ойлаймын, - дейді "ШҚ АЭК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ирина Глибина.

Қоса кетсек, қазіргі уақытта облыста 160 соғыс ардагері бар. Олардың ішінде концентрациялық лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындары мен Ленинград қоршауында болған адамдар бар.


Өзгелердің жаңалығы