Елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

24 Қаңтар 2024, 22:55
409
Бөлісу:
Елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: архив

Синоптиктер Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда облысында қар жауады. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Түркістан облысының орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші - 15-20 м/с.

Шымкентте 25 қаңтарда күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы