"Елдің дамуына үлес қосқандар" анықталды

19 Қараша 2020, 22:03
1921
Бөлісу:
"Елдің дамуына үлес қосқандар" анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Елдің дамуына қосқан үлесі үшін" сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Конкурс комиссиясының құрамына Парламент Сенатының депутаттары Б.Жұмағұлов, Д. Нұржігіт, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті және коммерциялық емес, корпоративтік және бизнес секторының өкілдері қатысты.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы - бұл 2017 жылдан бастап мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетігі екендігін атап өтті. Жыл сайын сыйлықтар ҮЕҰ-ға республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін 15 бағыт бойынша беріледі. Айта кету керек, осы жылдар ішінде сыйлықты 185 үкіметтік емес ұйым алды - деді Министр А.Балаева өз сөзінде.

Конкурстық комиссияның отырысына 1 кезеңде азаматтық қоғам өкілдері, БАҚ, қоғам қайраткерлерінен құрылған жұмыс тобының 63 тәуелсіз сарапшысымен қаралған 109 өтінім бойынша алдын ала бағалау қорытындылары шығарылды.

Нәтижесінде конкурстық комиссия мүшелері ҮЕҰ сыйлықақыны 38 жеңімпазына беру туралы шешімді қолдады. Олардың есімдері ағымдағы жылдың 27 қарашасында өтетін IX Азаматтық форумның жабылуында айтылатын болады.

Сондай-ақ, Аида Балаева сыйлықақы берудің механизмін жетілдіру, іріктеудің нақты критерийлерін анықтау қажеттілігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы