Елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады

8 Қараша 2021, 14:11
1264
Бөлісу:
Елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2021 жылдың 9-11 қарашасына арналған ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК жариялады.

Елдің батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі. 

Сондай-ақ тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болжанады, кезең соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендеуі орын алады: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0...10 аязға дейін, күндіз 5 аяз–5 жылуға дейін, оңтүстік-батыста түнде 2-7 жылу аралығында, күндіз 5-10 жылуға дейін, солтүстікте болса 2 аяз–3 жылуға дейін жетеді. 

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5...15 жылуға дейін көтеріледі деп күтілуде. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы