Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

13 Қыркүйек 2023, 07:28
718
Бөлісу:
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: BAQ.KZ

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі., деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Барлық өңірде –екпінді жел, түнде және таңертең – тұман, солтүстікте бұршақ болжанады.

Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы