Елді мекендер жүйелі дамып келеді- Алтай Көлгінов

10 Қазан 2022, 18:16
1765
Бөлісу:
Елді мекендер жүйелі дамып келеді- Алтай Көлгінов

Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің жеке әлеуметтік парақшасында мәлімдейді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Елордада 16 елді мекендерде шамамен 345 мың адам тұрады – яғни, Астананың әрбір 4-ші тұрғыны. Абаттандыру мәселелерімен қатар жүйелі мәселелер де бар: электр, су, кәріз, нөсер, жылыту, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б. салалар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді жүйелі түрде дамытудамыз. Мәселен, тұрғын алаптарды 42 км сумен, 17 км нөсер, 11 км кәріз, 3,2 км астам электр және 680 км газбен жабдықтау желілерін салдық.Елді мекендерде 4 білім беру нысанын, 2 спорт кешенін, 300 аула мен қоғамдық кеңістік және ұзындығы 117 км-ден асатын 250 көшені жөндеп, салдық, сонымен қатар 3,7 мың жарықтандыру тірегін орнаттық,- дейді ол.

Ол бұл жай ғана сандар емес,  елді мекендерде тыныс-тіршілікті жақсартуға мүмкіндік берген үлкен жүйелі жұмыстардың нәтижесі екенін жеткізеді.

 Бірақ, әрине, бұл да жеткіліксіз. Елді мекендерді дамыту бойынша жұмыстарды әлі де жалғастырудамыз. Кездесулердің бірінде “Үркер” елді мекенінің тұрғындары «сол жағалаудың жарығына тапсанамыз» деген болатын. Біздің мақсатымыз – шет аймақтарды өмір сүруге қолайлы ету. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды да жүргізудеміз. “Ағаш отырғызу учаскесі” (ЛПУ) елді мекеніне жеке тоқталып кетсем. Бұл елді мекенде 400-ден астам адам тұрады. Кездесуде су мәселесі көтерілді, өйткені бұл елді мекен пайда болғалы тұрғындарға орталықтандырылған су құбыры тартылмаған. Тұрғындар суды тасуға мәжбүр, әрине, бұл көптеген қолайсыздықтарды тудырады. Бұған дейін жобаны жасап, қазір орталық су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысын бастадық,- дейді қала әкімі.

Сондай-ақ ол келесі жылдан бастап аталған елді мекенді газдандыру бойынша жоба дайындауды жоспарлап отырғанын,  әлеуметтік нысан (балабақша) салу жоспары бар екенін айтып өтті.  Тұрғындармен кездесу барысында басқа да бірқатар мәселелерді қарастырғанында тілге тиек етті.

Өзгелердің жаңалығы