Елді мекендер жоспарлы түрде дамып келеді – Көлгінов

2 Шілде 2022, 08:30
1227
Бөлісу:
Елді мекендер жоспарлы түрде дамып келеді – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау кезінде 70 адаммен кездескенін мәлім етті.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында 2 апта ішінде тағы 70 отбасымен кездестім, онда 150-ден астам проблема көтерілді. Сол сияқты азаматтарды қабылдау кезінде қала тұрғындары түрлі жобаларды ұсынатыны, оның ішінде әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы ұсыныстары қуантады. Келіп түскен сұрақтар бойынша жұмыс жүріп жатыр. Көтерілген проблемаларды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада әлеуметтік нысандар (тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар) құрылысы артты, елді мекендер жоспарлы түрде дамып келеді, қаланы газдандыру жұмысы жүріп жатыр, жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз, жолдар/көпірлер саламыз және т.б., – деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы