Елден заңсыз шығарылған активтер қайтарылады – Бас прокуратура

18 Шілде 2022, 11:11
1168
Бөлісу:
Елден заңсыз шығарылған активтер қайтарылады – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ. Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, комиссия жеке тұлғаларға негізсіз артықшылықтар тудыратын жағдайларды анықтау мақсатында келесі талдау жұмыстарын жүргізеді:

  • Жоғары маржиналды мемлекеттік активтерді жекешелендіру және сатып алу.
  • Экономиканың секторларында, оның ішінде сатып алу саласында үстеме кірістерді генерациялауға мүмкіндік беретін бәсекелестікті жою немесе шектеу.
  • Жер қойнауын пайдалану, ауыр өнеркәсіп, қаржы секторы, құрылыс және экономиканың басқа да салаларындағы жекелеген компаниялардың мемлекет мүдделеріне залал келтіре отырып, жеңілдікті салық салу, тарифтік саясат және өзге де артықшылықтарды енгізу арқылы кірістілігін ұлғайту.

Бұдан басқа, комиссия жұмысының барысы туралы халықты жедел хабардар ету үшін арнайы веб-сайт құру туралы шешім қабылданды.

Бұл жұмысқа жұртшылықты тарту үшін сайтта арнайы бөлім құру жоспарлануда, ол арқылы әрбір адам комиссия қызметінің мәселелері бойынша хабарлама жібере алады, – делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы